«KOSHBASSHY balabaqsha» ЖОБАСЫ

ТАҚЫРЫБЫ: «Үздік эргономикалық шешімдер »

  Эргономика – адамның неғұрлым тиімді бейімделуіне жағдай жасау, оның дене және психикалық ерекшеліктерін еңбекке, жұмыс орнына және т.б. жасау ерекше орын алатын ғылыми пән.

Мақсаты: -педагогикалық құрамдас бөліктердің рөлі – психологиялық және әлеуметтік-мәдени әлеуетті жүзеге асыруға, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға, жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз етуге, дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, дамыту.
Педагогикалық эргономика оқу ортасы факторларының келесі негізгі міндеттерін анықтайды:
— кеңістік құрылымдары (өлшемдері, пішіні, кеңістік элементтерінің бағдары, жас ерекшеліктерінің сақталуы, топтардың жағымды безендірілуі);
— эстетикалық (пішіндердің, сызықтардың әсемдігі, балабақша жабдықтары мен құрал-жабдықтарының бояуы, түстерді эстетикалық пайдалану, т. б.)

— әлеуметтік-психологиялық (тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынас, топтағы жалпы әлеуметтік-психологиялық атмосфера)

ТАҚЫРЫБЫ: «Ойын арқылы оқыту — біздің тәжірибе»

Мазмұны: мектепке дейінгі балалардың даму деңгейін толыққанды мотивациялық негізін қалыптастыру үшін ойынның маңызы өте зор. Ойнатылатын ойындар — ұйымдастыру талаптарына сәйкес болуы тиіс. Технологиялық жүйе, ғылыми база, жүйелілік, басқарылуы, тиімділігі,жаңадан өндірілуі. Ойынды таңдау балалардың қызығушылығын танытып,ойынға белсенді әрекет етеді және нәтижесін алады.Ойынның басты компоненті-педагог пен балалардың тікелей және жүйелі қарым-қатынасы. Балабақшамызда балалардың ұлттық тұлғасын қалыптастыру мен дамыту үшін ең алдымен оның жас және дербес ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық негіздерін есепке ала отырып,ұлттық тәрбие  беруді ұлттық психологияның негізгі ұстанымдарына сәйкес жүзеге асырамыз. Дидактикалық ойындар арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптейміз. Танымдық-дамытушылық ойындарды ойлап табу ұйымдастырылған іс-әрекетінде баланың танымдық,зияткерлік дағдыларын дамытады. Сондай-ақ қазіргі таңда этно мәдени білім беру жүйесі арқылы балаларымызды дамытудамыз. Этно мәдени білім беру — мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамытатын мүмкіндіктер,ұлтымыздың бай мәдениеті, ұлттық болмысы, тарихы, тілі, ұлттық құндылықтар туралы білім беріп, жан-жақты, Отанын сүйетін, адамгершілігі мол, рухы биік, жаһандық өркениеттің халықтарына төзімді жеке тұлғаны тәрбиелеу. Олай болса, бүгінгі ұрпағымызды халқымыздың баға жетпес бай салт-дәстүрі негізінде тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіру біздің басты мақсатымыз.  Қазіргі таңда сол мақсатқа қол жеткізу үшін біздің балабақша әйгілі Мария Монтесорри технологиясын этномәдени білім беру жүйесімен ұштастыра отырып, этно стильдегі дамытушы орта құруда

1.Киіз үй- Қазақ халқының  өнер туындыларының бірі қиіз үй, оны  көзбен көру арқылы жабдықтарының атаулары балалардың есінде тез сақталады. Заттық-дамытушы орта ретінде бірінші орыннан екінші орынға ауыстырып қоюға  ыңғайлы ,тез жиналып жылдам құрылады. Киіз үйдің ішіндегі тұрмыстық заттарға, сәнді қолданбалы өнерге балалардың қызығушылығын оята отырып, атауларын үйретеміз. Қазақ халқының қонақжайлық дәстүрлері, қонақты күтіп алу, төрге отырғызу «ас қайыру», «бата беру» қонақты шығарып салу дәстүрлерін үйрету арқылы үлкендерді сыйлауға, дастархан басында әдептілік сақтауға баулимыз, қазақтың ертегілерін сахналауға қолданамыз.

     Төрт түлік
Қазақ үшін төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Соның бірі жылқы(тай, құлын, құнан).

1. Жылқыға балалар секіріп отырады, тербеледі, шабады, ноқта тартуды, ертоқымды ерттеуді үйреніп, қыз балалар  жалын өреді. Секірген кезде баланың қимыл белсенділігі артады,  өрген кезде моториканы  дамытады.

2. Киелі малдың бірі бұл— түйе. Кезінде ата-бабаларымыз бір-жерден екінші жерге қоныс аударғанда түйені көлік ретінде пайдаланған. Бұл түйе көп функционалды қызметті атқарады: Асықтардан жіптерді өткізеді, аяқ – киімнің бауын байлауды үйренеді, Сурет салады, Сандарды жүргізе отырып, естерінде сақтайды,   шоттағы асықтарды санап, түстерді ажыратады, тізілген асықтарға байланысты орнынан секіреді.

Өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастырады

Қой

3. Қазіргі   білім беру ордасындағы ең негізгі талаптардың бірі бұл қауіпсіздік ережелерін сақтау. Ойын ретінде қауіпсіздік ережелерін асыл малдың бірі қойымызға алып отырмыз. Бұл ойында балалар жолда жүру ережелерін, табиғатта өзін қалай ұстау керек, зиянды заттардан аулақ болып, пайдалы заттарды бойларына сіңіру, жедел қоңырау шалу номерлерін естеріне сақтау үшін ұйымдастырылған ойын.

Қойдың екінші жағында жайлау көрінісі ойыны.

Балалар жайлау көрінісін естерінде сақтау үшін әр бір элементтерді   орналастырып береді.   Бұл ойында жағымды қарым-қатынас, шығармашылық және креативтілік дағдылары қалыптасады

 Қазан

Қазақ дастарқанына түсетін тағамдардың барлығы да, осы ыдыста дайындалады. Ал кәзіргі  таңда      қазанды дәстүрден тыс сурет салу технологиясы негізінде  пайдаланудамыз. Сурет салу арқылы балалардың шығармашылық, креативтілік дағдыларын арттырып, эмоционалды жәй-күйін тыныштандырады. 

Бесік

«Ел боламын десең – бесігіңді түзе» дегендей, отбасындағы тәрбиенің басы тал бесіктен басталады. Бесік —  өмірге жаңа келген сәбидің ақ отауы. Бала бесік жырын тыңдау арқылы көркем міңезді қалыптастырып, ұлттық құндылықты бойына сіңіреді. 

    Белағашқа үкілерді ілу себебіміз үкі баланы тіл көзден сақтайды және тыныштандырады. Балалар  түрлі-түсті үкілерді санап, түстерді ажыратады. Кьюар кодты қолдана отырып, балалар күйді, бесік жырын, әртүрлі  қазақ  ертегілерін тыңдайды.

    Сиқырлы сандықша

Сиқырлы сандақша деп аталу себебі көлемі сандыққа ұқсайды ішінен қызықты жан-жануарлардың балықтардың суреттері көрсетіледі. Бірден көзге көрінуі балаларды қызықтырады.

Этно стильдегі дамытушы орта арқылы ұлттық құндылықтарды келешек ұрпақтардың бойына сіңіріп, ұлттық болмысымызды құлатпай дәріптеу біздің басты ұстанымымыз.